Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

Джаркинбекова Токжан Аскаровна

Джаркинбекова Токжан Аскаровна 1990 жылы 20 қарашада ОҚО, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында дүниеге келген. 1997 жылы «Болашақ» орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 7 сыныпқа дейін оқып, 8-9 сыныпты Шымкент қаласындағы облыстық №1 «Дарын» мектебінде тәмамдап, 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжіне оқуға түсті. Отбасында 3 қыз және 1 ұл. Үйдің үлкені

Еңбек жолы​

Токжан Аскаровна алғашқы еңбек жолын 2010-2012 жылдары ОҚО «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында» техник болып бастаған. 2010-2013 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің сыртқы бөлімінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығын бітірген. 2012 жылы «Шымкент көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне» (қазіргі Жол-көлік колледжі) лаборант болып жұмысқа орналасты. Дәл осы оқу орнында 2017 жылдан бастап оқу бөлімінде педагог-ұйымдастырушы қызметін атқарды. 2018 жылы «Мирас» университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Сонымен қоса, 2013 жылдан бастап информатика пәні бойынша оқытушы болып жасап келеді.

Жетістіктері

2011 ж. желтоқсан, "Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты",
«Құрмет грамотасы».
2015 ж. наурыз, "Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі", «Құрмет грамотасы».
2021 ж. желтоқсан, "Жол-көлік колледжі", «Алғыс хат»
Сертификаттар:
2016 ж. «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Сертификат».
2016 ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Сертификатп